9 қазан күні «Достар күні» мерекесі аясында «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Достық – жеңіс бастауы» атты көңілді старт жарысы өтті.
Іс-шара Астана қаласының Нұра ауданындағы Инклюзивті спорт орталығында ұйымдастырылды. Шараға 50 бала қатысып, түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты ойындар арқылы өздерінің ептілігін, жылдамдығын және командалық бірлігін көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды.
Кері байланыс

