Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Жарияланған күні:
2025-23-10 сағат 15:06

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында әлеуметтік сала қызметкерлері, ардагерлер және осы саланың дамуына үлес қосқан мамандар марапатталды. Сондай-ақ, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында өткен кәсіби шеберлік бойынша республикалық байқаудың жеңімпаздары да арнайы марапаттарға ие болды.
№8 бөлімшенің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері, 16 жылдық тәжірибесі бар білікті маман Китаева Екатерина Байтьяковна «Үй жағдайында қызмет көрсететін ұйымның ең үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, №6 бөлімшенің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері Айжан Дүйсембайқызы Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сіздердің әлеуметтік салаға қосқан үлестеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз және жүректеріңіздегі мейірім — мақтанышымыз!
Кәсіби қызметтеріңіз Сіздерге қуаныш, құрмет пен лайықты баға алып келсін. Әр күніңіз көмекке зәру жандардың шын жүректен шыққан алғысына, жылы жүзді күлкісіне толы болсын!

Жарияланған күні: 2025-23-10 сағат 15:06
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-leumettik-or-au-zh-jesi-yzmetkerlerini-k-sibi-merekesine-oraj-saltanatty-is-shara-tti/