«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген жаңа реформалар мен өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге, халықтың осал топтарына көрсетілетін көмекті кеңейтуге бағытталған негізгі конституциялық түзетулер түсіндірілді.
Түсіндіру жұмысының басты мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпараттандыру және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктерін түсіндіру.


Кері байланыс

