Орталық қызметкерлері көктемгі жаңару күні – Наурыз мейрамын атап өтті

Жарияланған күні:
2025-20-03 сағат 17:40

Ағымдағы жылдың 20 наурызында «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар арасында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында керемет сайыс өтті. Қызметкерлер екі топқа бөлініп, өнерлерін ортаға салып, жаңа қырынан көрінді. Алғашқы кезеңде екі топ өз білімдерін сынаса, келесі кезеңде қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, көрініс қойды. Сайыс нәтижесінде топтарымыз «Ең үздік ұлттық көрініс» және «Ең үздік ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуші» атты аталымдарына ие болды.

Жарияланған күні: 2025-20-03 сағат 17:40
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-ta-nauryz-merekesi-tti/