Қызмет алушылар театрға барды

Жарияланған күні:
2026-28-09 сағат 17:12

12 қыркүйек күні «Жансая» орталығының қызмет алушылары «Ертегі түнінің әуені» атты әсерлі қойылымды тамашалады.
Классикалық ертегілер желісінде қойылған спектакль көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты әрі жарқын әсер қалдырды. Қызмет алушылар театрдың ерекше атмосферасын сезініп, қойылымды тамашалаудан жақсы көңіл-күймен оралды.

Жарияланған күні: 2026-28-09 сағат 17:12
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-yzmet-alushylar-teatr-a-bardy-2/