Жаңа жылдық ертеңгілік

Жарияланған күні:
2025-22-12 сағат 17:06

Жаңа жыл – қуаныш пен шаттыққа, ізгі тілектер мен жарқын әсерлерге толы мереке.
«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары үшін Жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ертегі кейіпкерлері ата-аналар мен балаларды шырша алдында көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, естелік суретке түсті.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жумаділ Болат Нурмаханұлы және Орталық директоры Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік іс-шара «Үй таңдаған лақ» жаңа жылдық ертеңгілік қойылыммен басталды. Мерекелік кеш балаларға ерекше әсер қалдырып, іс-шара соңында қатысушыларға жаңа жылдық тәттілер жиынтығы табысталды.

Жарияланған күні: 2025-22-12 сағат 17:06
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-zha-a-zhyldy-erte-gilik/