Ағымдағы жылдың 11-12 мамыр күндері «Жансая» орталығының қызмет алушылары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында экскурсияда болып қайтты. Астанадағы бұл мұражай 2015 жылдың 1 желтоқсанында ашылған болатын. Мұражайда қазақ даласының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі әскери тарихын айғақтайтын жәдігерлер бар. Ашық аспан астындағы мұражайдың айналасындағы алаңда Екінші дүниежүзілік соғыстағы және қазіргі уақыттағы әскери техникалар қойылған. Ата-аналар мен балалар әскери техниканы тамашалаудан ұмытылмас эмоциялар мен білім алдып, өте риза болып қайтты.





Кері байланыс

