Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырыста депутаттар, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері қатысты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін арттыру мәселесі Мәжіліс назарында екенін атап өтті. Халық қалаулыларына арт- және еңбек терапиясы, дефектолог, логопед, психолог кабинеттерінің жұмысы, сондай-ақ шығармашылық сабақтары көрсетілді. Депутаттар балалармен сөйлесіп, олардың бос уақыты мен оқу жағдайымен танысты.





Кері байланыс

