Орталықта Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті

Жарияланған күні:
2025-2-10 сағат 11:37

Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырыста депутаттар, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері қатысты.  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін арттыру мәселесі Мәжіліс назарында екенін атап өтті. Халық қалаулыларына арт- және еңбек терапиясы, дефектолог, логопед, психолог кабинеттерінің жұмысы, сондай-ақ шығармашылық сабақтары көрсетілді. Депутаттар балалармен сөйлесіп, олардың бос уақыты мен оқу жағдайымен танысты.

Жарияланған күні: 2025-2-10 сағат 11:37
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-ta-m-zhilisti-leumettik-m-deni-damu-komitetini-otyrysy-tti/