Ағымдағы жылдың 23 қазан күні әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай көңілді де мағыналы КВН сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның ресми бөлімінде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Васильевич Скуб сөз сөйлеп, қатысушыларды Республика күнімен және әлеуметтік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде әлеуметтік саладағы қызметкерлердің адалдығы мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтіп, халыққа көрсетіп отырған қызметі үшін зор алғысын білдірді. Сонымен қатар, саланың дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, Астана қаласы Нұра ауданы “Аманат” партиясы атынан да жылы лебіздер мен құттықтау хаттар ұсынылды. Бұл шара әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегіне деген жоғары құрмет пен қолдауды айқын көрсетті.
Мерекенің көрігін қыздырған КВН сайысы әріптестердің шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік беріп, залды күлкі мен қуанышқа бөледі. Әзілге толы көріністер мен әсерлі қойылымдар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұжым ішіндегі достық пен бірлікті одан әрі нығайтты.



Кері байланыс

