Орталықта қазақтың дәстүрлі “Тұсау кесер” рәсімі өтті

Жарияланған күні:
2026-20-03 сағат 18:00

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Орталықта №6 бөлімшенің қызмет алушысы Жиенбай Айдинаға арналған қазақ халқының дәстүрлі «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді. Тұсау кесу құрметі орталық директоры Аманбай Ердәулет Қарсыбайұлына табысталды. Құттықтау сөзінде ол Айдинаның өмір жолына ақ тілектерін арнап, сәттілік пен жарқын болашақ тіледі. Мерекелік іс шара шығармашылық концерттік бағдарлама ұласты.Сондай-ақ қызметкерлер Орталық директорының және «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының грамоталарымен марапатталды.

Жарияланған күні: 2026-20-03 сағат 18:00
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-ta-aza-ty-d-st-rli-t-sau-keser-r-simi-tti-3/