Қызмет алушылар кинотеатрға барды

Жарияланған күні:
2025-24-09 сағат 17:25

Бүгін біздің қызмет алушылар ерекше қуанышқа бөленді — олар «Зверопоезд» мультфильмін тамашалап, нағыз шытырман оқиғаға аттанды.
Осындай мүмкіндік сыйлап, балаларға шаттық пен қуаныш, ұмытылмас әсерлер сыйлағандары үшін @kinopark_kz ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Мұндай іс-шаралар балалар үшін өте маңызды — оларды өмірдің қуанышына бөленуге, достықты бағалауға және ғажайыптарға сенуге тәрбиелейді.
Әлемді мейірімге толтырып, балаларға жарқын болашақ сыйлағандарыңыз үшін рахмет.

Жарияланған күні: 2025-24-09 сағат 17:25
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-yzmet-alushylar-kinoteatr-a-bardy-2/